Оқытушының сабағына қатысу.



Мұғалім - Ергалиев К.А.
Сабақ - Домбыра
Оқушысы - Манат Дамир, 3 сынып
Күні мен уақыты - 15.11.2022; 14-50



Сабақтар кезінде / Ескертулер


Сабақтың тақырыбы: «Төкпе күймен шертпе күйдің ерекшелігі » 3 сынып оқушысы Манап Дамир

Сабақтың мақсаты: Төкпе күймен шертпе күйдің өзіне тән ерекшелігін түсіндіру.

Білімділігі: Оқушыға күй өнерін ,оның ішінде төкпе ,шертпе мектептерін жан-жақты еркін , ізденіспен , шебер ойнай білуін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушының танымдық қызығушылығын, есту, сақтау қабілетін дамыту, әр мектептің ойнау әдісін жетілдіру.

Тәрбиелік: Төкпе , шертпе күй өкілдерімен таныстыру,қазақ халқының өнері арқылы оқушының бойындағы туған еліне,жеріне деген сезімін ояту арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу,рухани жан дүниесін байыту.

Сабақтың түрі :Жаңа сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Буклет, плакаттар

Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.
2.Құрманғазы «Балбырауым» күйін жатқа ойнау.



Талдау және қорытынды


Оқытушы Қайырбек Ергалиевтің сабағы әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, жұмыстың барлық түрлері мен кезеңдері сақталған. Мұғалім ауызша түсіндіру және көрсету әдісін қолданады.
Сабақтың нәтижесі мұғалімнің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілгенін көрсетті:
Жалпы, сабақ жақсы деңгейде өтті және оң бағаға лайық.


Сабаққа қатысты: Андриянова Т.В.,Ержанова Л.Б., Бешей А,Андриянова М.В.



ОТЖ жөніндегі директор орынбасары: Л.Б. Ержанова


Көмекпен танысты: К.Ергалиев